Әлемнің үздік дзюдошыларының тізіміне 5 қазақстандық енді

688
көрілім
Фотосурет - Today.kz сайтынан.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жастар арасында өткен Азия чемпионатынан кейін жас дзюдошылар рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жаңартылған рейтинг бойынша 5 қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік дзюдошыларының қатарына енді. ТОП-10 тізіміне кірген қазақстандық спортшылар — Бауыржан Нарбаев, Мағжан Шамшадин, Мадияр Сембаев, Перизат Қадірбекова, Камила Берліқаш.

IJF рейтингінде қазақстандықтар төмендегідей орындарға ие болды:

55 кг

Бауыржан Нарбаев — 3 (340)

Мағжан Шамшадин — 6 (300)

Дамир Болатбеков — 41 (60)

60 кг

Нұрсұлтан Серәлі — 29 (102)

Отарбек Жасұлан — 43 (66)

66 кг

Сұңғат Жұбатхан — 11 (183)

Бауыржан Сағынғалиұлы- 40 (64)

Жанқожа Марат — 50 (51)

73 кг

Мадияр Сембаев — 7 (223)

Қуан Барыс — 24 (100)

+100 кг

Еркебұлан Абдулла — 17 (122)

Қыздар арасында:

44 кг

Адия Сайын — 18 (140)

48 кг Ғалия Тынбаева — 19 (120)

Абиба Абужақынова — 30 (83)

Ақмарал Науатбек — 44 (60)

52 кг

Нұржамал Жарманова — 25 (100)

57 кг

Аида Карчаева — 27 (102)

63 кг

Ақниет Тұрдан — 49 (40)

70 кг

Перизат Қадірбекова — 9 (202)

78 кг

Назерке Тілеуханова — 29 (80)

+78 кг

Камила Берліқаш — 6 (220).