Әлеуеті көтеріледі

496
көрілім

ҚР Білім және ғылым министрлігі ауылдағы мектеп мұғалімдерінің әлеуетін көтермек. Осыған орай «Орта білім жүйесін модернизациялау» жобасы іске қосылады.

Жобаның негізгі бағыттарының бірі - ауылдық жерде орта білім беретін мектептердегі оқушылардың үлгерімдерін - ауылдық мектеп мұғалімдерінің әлеуетін арттыру және білім ордаларын мультимедиялық құрал-жабдықпен қамтамасыз ету арқылы жақсарту.

– Жоспарға сәйкес, ауылдық мектептерге оқу материалдары мен мультимедиялық құрал-жабдықтар сатып алынып, білім беру бағдарламалары жақсартылатын болады. Сондай-ақ ауылдық мектептердегі мұғалімдердің әлеуетін арттыру бойынша шаралар қолданылып, ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетіледі. Жоба шеңберінде білім берудің жаңартылған мазмұнын қолдауға бағытталған бастамалар кешені жүзеге асырылады деп күтілуде.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ