Елік атқан ШҚО тұрғыны заңсыз аң аулады деген күдікке ілінді

333
көрілім
Фото: ШҚО полиция департаментінен

Самар ауылынан шығаберіс жолда полицей тоқтатқан көліктен жабайы жануардың өлексесі табылды, деп хабарлайды хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

 

- Nissan көлігін басқарған 49 жастағы ер адамның көлігінде елікке ұқсас жануардың еті жатқан. Табиғатқа келтірілген залал бір миллион теңгеден асады, - деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

КР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігіне сәйкес (заңсыз аңшылық) ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.