Елімізде 431 мың жаңа жұмыс орнын ашу үшін 300 млрд теңге бөлінбек

400
көрілім

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа үндеуіне сәйкес Үкімет қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтауға ерекше назар аударатынын жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

- Қазіргі таңда бүгінгі жұмыс орындарын сақтаумен қатар 431 мың жаңа жұмыс орнын ашу міндеті алдымызда тұр. Осыған орай Үкімет тарапынан 300 млрд теңге қарастырылып, жұмыспен қамтудың жол картасы әзірленді. Осыған орай жеке мекеме басшыларын, бизнес қоғамдастықтарын жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге, қысқартуға жол бермеу арқылы әлеуметтік келеңіздіктердің алдын алуға бүкіл елді, азаматтардың бәрін шақырамыз, - Ералы Тоғжанов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен онлайн режімдегі брифинг барысында.