Өскемен қаласы «Зерек» орталығында VII «Айбын-2021» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылу рәсімі онлайн түрде өтті.
Салтанатты ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Азамат Мұхаметчинов пен облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмәділова және ШҚО ҚІД бастығы полковник Қайырбек Қайырханов, әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері бойынша әкімнің көмекшісі полковник Әділет Сақауов қатысты.
«Айбын-2021» жиыны Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына аясында 2021 жылғы 6 қазан мен 30 қараша аралығында онлайн форматта өтеді.
Биыл қатысушылар саны екі есеге артқан. Жиынға Қазақстанның барлық өңірлерінен 74 команда қатысады. Бұл 1110 қатысушы. Шығыс Қазақстан облысынан Өскемен, Семей қалалары мен Алтай ауданының «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысады. Семей қаласының «Жас Сарбаз» клубының тәрбиеленушілері өткен жылғы VI республикалық «Айбын-2021» әскери-патриоттық жастар жиынында өткен ойындардың жеңімпаздары (1 орын) атанғанын еске саламыз.
Қатысушы командалардан басқа 14 пен 18 жас аралығындағы кез келген жасөспірім жиынға жеке тәртіппен қатыса алады.
Қатысушыларды қызықты конкурстар мен жарыстар күтіп тұр, мысалы, «Айбын дарыны» интеллектуалдық ойыны, «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы, «Мейірімділік біріктіреді» челлендждер байқауы, «Smart Sarbaz-2021» өнертапқыштар байқауы, «Саламатты Жас Сарбаз» алғашқы медициналық көмек көрсету байқауы, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар.
Сондай-ақ, биыл «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынында жаңа байқаулар пайда болды. Олар «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны, «Жас сарбаз – Жас тілші» жас журналистердің медиа байқауы.
Облысымыздың атынан қатысатын әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілері мен жетекшілеріне сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көрінетіндеріңізге сенімдіміз, – деді полковник Қайырбек Қайырханов.
Барлық байқаулардың қорытындысына сәйкес ақтық кезеңде «Білім. Абырой. Жеңіс» ойынында бақ сынайтын жиын жетекшілері анықталады.
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі