Елімізде бір жылда ондаған ауыл жабылып қалды

197
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Соңғы бір жылда елімізде ондаған ауыл жабылып қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 17 облыс, 192 аудан, 90 қала, оның ішінде 3 республикалық маңызы бар қала тіркелген. Сондай-ақ елімізде 29 ауыл, 2165 ауылдық округ пен 6208 ауыл бар.

Ұлттық статистикалық бюросының мәліметіне қарағанда, еліміз бойынша аудан саны ең көп өңір - Ақмола облысы. Ал облыстық маңызы бар қалалар мен ауылдар - Қарағанды облысында. Ақмола мен Қостанай облыстарында ауылдық әкімдіктер көп. Ал ауылдық елді мекендердің ең көбі Түркістан облысында.

1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707-ға жетті. Қалада 12 573 367 адам болса, ауылдық жерде 7 586 070 адам тұрып жатыр.

Елімізде әйел саны ер адамнан көп. Елде 10 311 830 әйел, 9 847 877 ер адам бар.