Елімізде ер педагогтердің аздығы байқалады

436
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Бастауыш сыныпқа сабақ беретін ер педагогтердің саны да өте аз, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 400 мыңға жуық педагог жұмыс істеуде. Оның 19,1 пайызы – ер педагог. Сондай-ақ, елімізде бастауыш сыныптарға сабақ беретін ер мұғалімдер саны – 596. 

Ал, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері – 4 968 (оның ішінде әйел педагогтер – 88), дене шынықтыру пәні мұғалімдері – 30 512 (оның ішінде әйел педагогтер – 4677), - деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Бұл статистикадан нені ұғуға болады? Шыны керек, көбіне дене шынықтыру және алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндерде ғана ер педагогтердің үлес салмағы басым екені айтылады. Бірақ, соңғы кезде бұл пәндерді де қыз-келіншектердің "жаулап" келе жатқаны жасырын емес. 

Елімізде педагогикалық кадрларға да тапшылық бар. Мысалы, педагогтерге қажеттілік шамамен 3 мыңнан астам болып отыр. Мемлекет тарапынан білім беру ұйымдарына педагогтер тарту бойынша арнайы бағдарлама, жергілікті жерлерде жобалар жүзеге асырылып жатқаны да көпшілікке мәлім.