Азық-түлік тауарларының қымбаттауы инфляцияға айтарлықтай ықпал етуде. Оның көрсеткіші 2017 жылдың басынан бастап ең жоғарғы мәнге жетті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
«Қаржы нарығындағы ахуал – тұрақты. Инфляция нысаналы дәліз шегінде 4-6% деңгейінде қалыптасады. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында жылдық инфляция алдыңғы айдағы 5,5%-дан 5,3%-ға дейін төмендеді. Инфляцияға әжептәуір әсер еткені 2017 жылдың басынан бастап 9,1% деңгейіне жеткен азық-түлік бағасының ұдайы өсуі. Ет бағасы 13,5%-ға, нан өнімдері мен жарма өнімдері - 12,7%-ға қымбаттады. Олардың инфляцияға қосқан үлесі 1 пайыздық шегін құрады», - деп Досаев Үкімет отырсында мәлімдеді.
Оның сөзіне сүйенсек, тауарлардың бұл санаттары әлемдік бағалар мен экспорт көлемінің өсуі аясында қымбаттаған.
«Инфляцияның тұрақты деңгейін ұстап тұраған азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жыл сайынғы өсуі 5,4% құрады, бұл 2015 жылдың қазан айынан бастап ең төменгі көрсеткіш. Жанармай бағасының жылдық көрсеткіштегі төмендеуі 4,8%-ды, қатты отын 3,5%-ды құрады. Ақылы қызметтердің бағасы бір жыл ішінде 0,7%-ға өсті. Бұл реттелетін қызметтерге тарифтің құны 8,2%-ға төмендеуімен байланысты», - деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы.
Сонымен қатар, Досаев инфляция деңгейінің мақсатты дәлізден асып кету қаупінің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ұлттық Банктің пайыздық дәлізді +/- 1 пайыздық шегінде ұстап тұрғанда базалық ставкасы 9,25 пайызға дейін көтерілгенін еске салып өтті.