Қазақстанда коронавирустан 4 557 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.
Онда тараған ақпараттарға қарағанда, бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы ем алып жатқандардың арасында 37 сәби бар. Стационарларда 2 306 науқас жатыр, 2 251 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 121 адамның ахуалы нашар.
Соның ішінде 22 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.