Деструктивті діни ағымды ұстанушы 5 ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- 27 қаңтар күні ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Қарағанды мен Таразда терроризмге қатысы бар деген күдікпен деструктивті діни ағымды ұстанушы 5 ер адамды 2 ай мерзімге қамауға алды. Олардың барлығы да аса ауыр қылмыстары үшін сотты болғандар, - делінген хабарламада.
Айыпталушылардың үстінен террористік топ құру, басшылық ету және оның әрекетіне қатысу (Қылмыстық Кодекстің 257-бабы), сондай-ақ терроризмді насихаттау (Қылмыстық кодекстің 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеушілердің мәліметіне сәйкес, бұл топ ел ішінде, нақтырақ айтқанда халық көп шоғырланатын орындарда теракт жасау мақсатында құрылған. Тергеу амалдары жалғасуда.