Елімізде марқұмды жерлеудің жалпыға ортақ стандарттары мен ережелері бекітілмек

587
көрілім

Алдағы уақытта елімізде марқұмды жерлеудің жалпыға ортақ стандарттары мен ережелері бекітіледі. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

Ұлттық экономика министрлігі кейбір елдердің жерлеу рәсімі бойынша мәселелерді реттейтін заңнамалық актілерін зерттеп, осындай шешімге келіп отыр. Шетелдердегі ережелер жалпылай алғанда қазақстандық нормативтік құқықтық актілерде де бекітілген екен, алайда қазіргі таңда жерлеуді жүргізу мен зираттарды күтіп ұстау бойынша нақты ережелердің болмауы салдарынан бұл мәселе бір ізге қойылмаған.

Осыған орай Қазақстан халықтарының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып жалпыға ортақ жерлеу стандарты мен жерлеу рәсімін ұйымдастыруды белгілеу қажеттілігі туындады. Бұл ережелерді әзірлеу құзыретін облыстық, республикалық маңыздағы қалалардың әкімдіктеріне беру ұсынылуда.