ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов тұтыну несиесі бойынша қарызын жаба алмай жүрген адамдардың санын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, Kazinform сайтына сілтеме жасап.
«Менде биылғы 1 сәуірдегі мәлімет бар. Тұтыну несиелерінің жалпы сомасы 14,2 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде 90 күннен асқан, яғни мерзімі өткен несиелердің үлесі 1,6 трлн теңгені немесе 12% құрады», - деді О. Қизатов Сенатта болған баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, тұтыну несиесін алғандардың саны 8,4 млн адам. Соның арасында 90 күннен астам қарызын өтемеген 1,5 млн адам тіркелген.