Нұр-Сұлтан қаласында Ресей азаматтығы бар жігіт заңсыз түрде жалған автокөлік нөмірлерін жасап, ақша тапқан. Бұл жайлы Өскемен қаласында өткен баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Өзінің заңсыз кәсібін жүргізген азамат автокөлік нөмірлерін Ресейдің Омск қаласынан алдыртып отырған. Қарапайым OLX интернет хабарландыру қосымшасы арқылы жарнама беріп оқырмандардың тапсырысын қабылдаған ер адам керек телефон нөмірлері мен қажетті ақпараттарға дейін қалдырған. Жалған нөмірге тапсырыс берген тұлғалар ақшаны аударғаннан кейін ұзақ күтпей қалаған көлік нөмірлеріне ие болған. Бір ерекшелігі, нөмірді техникалық төлқұжат пен тіркеу куәлігінсіз жасай берген.
- Шынымды айтсам, адамдар неліктен заңсыз жолмен тапсырыс беретіндерін түсінбедім. Нөмір жасаушы адамның бағасы әлдеқайда қымбат, 19200 теңге шамасында, ал мемлекеттік қызмет бағасы одан арзан. Басты себептерінің бірі, нөмірді тез иеленуде. Мемлекеттік қызметке қарағанда әлдеқайда қысқа уақытта, яғни төрт күн ішінде қолға алғандарында, - дейді ШҚО ЖП басқармасы Әкімшілік полиция бастығының орынбасары Рифхат Тауфиков.
Мемлекеттік қызмет бойынша бір нөмірдің бағасы 3535 теңге, екеуі 7070 теңге. Оны тек он бес күннен кейін ала аласыз.
- Нөмірін жоғалтқан адамдар мемлекеттік тапсырысқа қандай да бір жағдайлармен тапсырыс бере алмаса дубликат нөмірлерге тапсырыс жасай алады. Бұл толықтай заңды түрде жүзеге асады, - дейді жауапты тұлға.
Данияр ЗАЙНЕЛОВ