Ұрлықты ауыздықтау үшін ІІМ заңға тиісті түзетулерді енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
- ТМД елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мәселені шешудің бір амалы – ұрлықтың қайталанғаны үшін жауапкершілікті күшейту. Мысалы, Өзбекстанда пәтер ұрлығы қайталанған жағдайда 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді. Осыған байланысты министрлік ұрлықтың бірнеше мәрте жасалу белгілерін ауыр қылмыстар санатына жатқызуды көздейтін заңға тиісті түзетулер енгізуге ұсыныс білдірді, - деді ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің басқарма бастығы Нұржан Рахметуллаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.