Елімізде ұтыс тігу мекемелері тек курорттық аумақтарға орналастырылуы мүмкін

485
көрілім

Жақын болашақта арнайы аумақтан тыс ұйымдастырылған ұтыс тігу мекемелері жабылуы мүмкін. Үкіметтегілер букмекерлік контораларды Щучинск кенті мен Қапшағай қаласына көшіруді ойластыруда. Мұндай ұсыныс ойын бизнесі бойынша заңнама жобасына енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жақында Астанада өткен ведомствоаралық комиссия отырысына Мәдениет және спорт министрлігі жаңа тұжырымдаманы таныстырды. Ал құжаттың мәтіні министрліктің mks.gov.kz сайтында орналастырылды. Егер құжат қабылданса бәс тігуге құмар ойыншылар еліміздің курортты аумақтарында орналасқан Лас-Вегасына аттанбақ.

Жоба құрастырушыларының айтуынша, букмекерлік конторалар мен бәс тігу аппараттары осыған дейін болған казинолар мен ойын автоматтарының орнын басқан көрінеді. Ойынқұмар азаматтарды тартумен қатар мұндай мекемелер спирттік ішімдіктер сатуды да әдетке айналдырған. Мұның барлығы әлеуметтік қауіпсіздікке жол ашатындығын айтады министрліктегілер.

Қоса кетсек, статистика органдарының хабарлауынша, 2017 жылдың бірінші тоқсанында өңір тұрғындары казинолар мен букмекерлік контораларда үш миллион 900 мың теңгелерін шығындаған.