Елімізде вагондар қашан толықтай жаңарады

212
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Алдағы 5 жылда 1200 жаңа вагон сатып алынады. Бұл туралы Үкімет тотырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды  Buqara.kz  сайтының тілшісі,  kazinform сайтына сілтеме жасап.

Тілшілер министрден еліміздегі жолашылар вагондарын жаңартуға қатысты сұрақ қойды. «Жалпы, Қазақстанда 2 667 вагон паркі бар. Кейінгі бірнеше жылда 600 вагон қолданыстан шығарылды, 300 вагон алынды. Осыған байланысты бізге вагондар жетіспей жатыр. Осы 2 667 вагон паркінің 74 пайызы, яғни 1 857 вагонында кондиционер бар. Өкінішке қарай, 26 пайызында (кондиционермен) жабдықталмаған. Былтырдан бастап вагон сатып алу көлемін ұлғайттық. Өткен жылдары 50-100 вагон сатып алсақ, былтыр 118 жаңа вагон сатып алдық. Биыл қосымша 140 вагон пайдалануға беріледі, келер жылы 224 вагон сатып алынады. 2025 жылдан бастап жыл сайын жалпы 200-ден аса сатып вагон паркін аламыз. Осылайша, алдағы 5 жылда 1200 жаңа вагонды аламыз. Бұл ескі вагондарды алмастыруға мүмкіндік береді. Министрлік пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық оператор тарапынан осындай жұмыстар істеліп жатыр», - деді М. Қарабаев.

Оның айтуынша, санитарлық талаптар вагон паркі тұрақты түрде тексеріліп жатыр. Тек биыл 62 маршрут мемлекет тарапынан субсидияланса, оның ішінде 20 маршрутқа инспекция тексеріс жасады.