Еліміздегі ең танымал гүлдер қандай?

424
көрілім
Шартты сурет

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, ең танымал гүлдерге раушан, хризантема және қалампыр жатады,  деп хабарлайды, Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында елімізге жалпы сомасы 8,5 млн доллар болатын мың тоннадан астам гүл әкелінді (5-ші наурыздағы бағам бойынша – төрт млрд теңгеден астам).
Ең танымал гүлдердің бірі – раушан. Олар алты миллион долларға сатып алынған. Екінші орында – хризантема, үшінші орында қалампыр. Бұл гүлдер сәйкесінше, 883 мың және 165 мың доллар әкелінген.
Аталған гүлдер Нидерланды, Бельгия, Германия, Эквадор, Литва, Колумбия, Өзбекстан, Кения, Словакия, Израиль және Түркиядан жеткізіліпті.
Естеріңізге сала кетсек, былтыр елімізге жалпы сомасы 41,4 млн. долларға 5,7 мың тонна гүл әкелінді.