Еліміздегі алғашқы Достық үйі қалай ашылды?

271
көрілім

Қазақстандағы ең алғашқы Достық үйі 1992 жылы Өскеменде ашылған еді. Сол кезде Шығыс Қазақстан облысының орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты рәсімге қатысып, Достық үйінің лентасын қиған еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Содан бері Достық үйінде ұлтаралық келісім арта түсіп, салт-дәстүр, халықтар мәдениеті дамыды. Ең бастысы, әрбір ұлт өкілінің бойында қазақстандық патриотизм тереңдей түсті. «Ақ ниет» вокалдық ұжымының және мұсылман әйелдер бірлестігінің мүшесі Майра Мурсалимова Тұңғыш Президентпен кездесуін ерекше толғаныспен еске алады. Өйткені 1998 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының басшысы өз қолымен оның немересінің тұсауын кескен. Қазір ол бала ер жетіп, еліміздің белді азаматына айналды. Оның әжесі бұл қуанышты оқиғаны тағдырдың тартуы деп санайды. ШҚО ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Лео Шик Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі мәңгі жадында сақталатынын айтты.

– Ұлт көшбасшысының келуі шығысқазақстандықтар үшін үлкен мереке болды. Ол Достық үйінің ашылуында әрбір адамның жүрегінен орын таба білетін сөздер айтты. Сондай-ақ Тұңғыш Президент этносаралық татулықты сақтауға үлес қосқан барлық азаматтарға алғысын білдірді», - деді Лео Шик.

«Жаңғыру жолы» өңірлік жастар қозғалысының көшбасшысы, «Вайнах» шешен-ингуш хореографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі Равиль Юнусовтың сөзінше, Достық үйі оның өмірінде үлкен рөл атқарған. Ол мұнда ең алғаш рет лезгинка биін үйрену үшін келіпті. Равиль Нұрсұлтан Назарбаевтың келер алдында, жақсы әсер қалдыру үшін ұжыммен бірлесіп, көп сағаттық дайындық жүргізілгенін еске алды.

– Елбасы маған Отан үшін еңбек етуді үйретті. Ұлтаралық татулықты сақтау үшін береке мен бірлік керек екенін ұғындырды», - дейді Равиль Юнусов.