Болашақта облысымызда Робототехника орталығы ашылады. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов облыстық мәслихат сессиясында сөз қозғады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
— Үнемі біреуді қуып жетуге тырысу мүмкін емес. Бірінші болып қадам жасауға талпыну керек. Сол себепті елімізде алғашқы болып, Роботехника орталығын сатып алуды көздеп отырмыз, — дейді облыс әкімі.
Аталмыш орталық дәрігерлер үшін мүлде жаңа мүмкіндіктер ашады. Мұндай тәжірибе әлемде бар. АҚШ-та, Еуропа елдерінде бұл сияқты орталықтардың мыңдаған түрлері жұмыс істейді. Ал біздің ел үшін таңсық тәжірибе болмақ.