Бүгінгі таңда ауруханалар КВИ-ды емдеу үшін дәрі-дәрмектермен толықтай қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ерлан Тоғжанов берген мәліметке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, қазіргі уақытта мекемелерде 17 700 адамның жатқанын ескере отырып, алдағы уақытта кепілдік болу үшін 27 000 науқас дәрілік заттармен қамтамасыз етіліп отыр.
Аймақтар арасында 4000 науқас үшін 165 мың таблетка "лопинавир", "ритановир" таратылуда. Шілде айының 15-не дейін қосымша келесі дәрілер жеткізілетін болады.
Бүгінгі таңда МӘМС шеңберінде тегін дәрі-дәрмек, препараттар тізбесі бар. Оған ЖРВИ, ауруханадан тыс пневмониялар кіреді. Бұл препараттар тізіміне антибиотиктар, қызуды төмендететін дәрілер кіреді. Оларды мобильді топтармен тегін жеткізу қарастырылған.