Еліміздегі қытайлық компаниялардың үлесі белгілі болды

483
көрілім

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек еліміздегі қытайлық компаниялардың үлесін атады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Бақ.кз агенттігіне сілтеме жасап.

- Бірінші тамыздағы жағдай бойынша, қазіргі күні Қазақстанда 20 мың шетелдік компания, олардың филиалдары жұмыс істеп жатыр. Бірлескен компаниялар да бар. Олардың 35 пайызы Ресей және Қазақстан-Ресей компаниялары саналады. Түркия компаниялары 10 пайыз маңайында. Өзбекстан компаниялары – 5,7 пайыз, Қытай компаниялары – 5,6 пайыз, Германия компаниялары – 3,1 пайыз. Басқа да шетелдік ұйымдар Қазақстанда жұмыс істеп жатыр, - деді Жеңіс Қасымбек.

Вице-премьердің айтуынша, қазақстандық компаниялар да шетелде қарқынды жұмыс істеп жатыр.

- Ресейде де, Қытайда да біздің компанияларымыз бар. Елге тек капитал ғана емес, қаражатпен қоса жаңа технологиялар да келетінін ұмытпауымыз керек, - деді Жеңіс Қасымбек.