Қазақстан Үкіметі ЖОО-лардың академиялық және басқару еркіндігін кеңейту жөніндегі заңнаманы қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Рrimeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Заң жобасын таныстыра отырып, ҚР білім және ғылым министрі Е. Сағадиев Қазақстанның жоғары оқу орындарының академиялық және басқару еркіндігін кеңейтудің жоғарғы оқу орындарына студенттерді қабылдауға, құрылым тәртібін, білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтауға және ғылыми-білім беру қызметі бойынша еншілес ұйымдарды құруына құқық беруді білдіретінін атап өтті. Бұған дейін осындай артықшылықтар тек ұлттық жоғарғы оқу орындарында ғана болған.
Бұдан өзге, Ұлттық біліктілік шеңберіне біріктіріле отырып білім беру бағдарламаларын әзірлеу қағидасы енгізілетін болады. Осының арқасында ЖОО-ы білім беру нәтижелері мен өздерінің құзыреттіліктерінің негізінде дербес білім беру бағдарламаларын әзірлей алатын болады. Сондай-ақ, ЖОО-ын лицензиялау жүйесі де өзгереді. Егер бастапқыда тек мамандық лицензияланған болса, ендігі заң жобасы қабылданған соң жалпы дайындау бағыты да лицензияланбақ.
Бүгінгі таңда жоғарғы және жоғарғыдан кейінгі білім беруде шамамен 600 мамандық бар. Жаңа тәсіл енгізілгеннен кейін даярлаудың 10 бағыты пайда болады, оның ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріндегідей, Жоғарғы оқу орындарында 600-ден де көп дербес білім беру бағдарламалары болады.
Сондай-ақ, студенттерге де екі бағыт бойынша оқудың дербес жолын қалыптастыру құқығы берілетін болады, яғни: пәндерді тереңінен меңгеру және пәндерді қосымша меңгеру. Қосымша меңгеруде бір мамандықта оқып жүрген студенттер өз білімдерін толықтыру үшін қосымша мамандықты да игеруге мүмкіндік алады.
Азамат ТЕМІРБЕКОВ