«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Ауа ағындарының өтуіне байланысты кей өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Бұршақ жауып, дауыл тұруы да мүмкін, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, бұршақ жауып, дауыл тұрады деп болжануда.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-тан 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Бұл аймақта да бұршақ жауып, дауыл болуы ықтимал.
Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады.
Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі байқалады.