Қазгидрометтің мәліметіне сүйенсек, бүгін Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Ауа ағындарының өтуіне байланысты солтүстік, шығыс және батыс аймақтардың кей жерлерінде жаңбыр жауып, басқа өңірлер жауын-шашынсыз болады.
Кей жерлерде жел күшейеді, еліміздің батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарынның кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі бар.