Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның батысында, оңтүстік-батыс пен солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз .
Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде бұршақ, дауыл болуы ықтимал.
Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, бұршақ жауып, дауыл болуы ықтимал.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейіп, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.
Алматы облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жауып, дауыл болуы ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады, түнде және таңертең дауыл соғады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады, дауыл болуы ықтимал.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстарырының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.