Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауады

316
көрілім

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, кей жерде найзағай және жаңбыр күтіледі, тек оңтүстік-батыста және оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республиканың кей жерінде жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте және орталықта дауыл күтіледі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар облысының кей жерінде тұман күтіледі.

Қарағанды, күндіз Батыс-Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай, бұршақ жауып, желдің жылдамдығы15-20 м/с жетеді.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, кей жерде Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, кей жерде Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.