Еліміздің батысы мен шығысында ауа райы тұрақсыз болады

353
көрілім
Фотосурет BAQ.KZ сайтынан.

Фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның батысы мен шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады – кей жерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады. Республиканың басқа бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерде жел күшейеді, дауыл, тұман, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.


Батыс Қазақстанның кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Атырау облысында таңертең және күндіз кей жерінде дауылғ найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Павлодар облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы облысының кей жерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында қатты ыстық сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.