Еліміздің бірқатар өңірінде қар жаууы ықтимал

441
көрілім
Фото ашық дереккөзден

Еліміздің 7 өңірінде жоғары өрт қаупі сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөлікдер әсер етеді. Шығыста жаңбыр жауады. Қарағанды, Абай, Жетісу облыстарында түнгі уақытта жауын-шашын, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, найзағай, оңтүстік-шығыста-бұршақ, дауыл, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста тұман болуы ықтимал», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның дерегінше, түнде Қарағанды облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, солтүстігінде, шығысында Абай облысында 1-3 градус үсік жүруі күтіледі. Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атыраудың оңтүстік, шығысында, батысында, оңтүстігінде, Қызылорда қаласының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.