Еліміздің кей өңірінде тұман болып, жел күшейеді

512
көрілім

Бүгін еліміздің кей өңірінде тұман болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек батыста түнде және таңертең кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік және шығыста түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің күшеюі 20-25м/с болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.