Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстікте, солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болуы мүмкін, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін.
Алматы облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, Жалаңашкөл ауданында екпіні 23-28 м/с, түнде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күші 15-20, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында екпіні 23 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с болады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.