Облыс тәртіп сақшылары Серебрянск қаласында өткен жылдың қараша айында қонақ үй нөмірлерінің бірінде ақша ұрлаған ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Семей қаласының 38 жастағы тұрғыны осы әрекеті үшін бір жылға жуық елорданың құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген.
Белгілі болғандай, қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін ер адам шығыс аймақтың әртүрлі аудандарында жасырынып келген.
- Қазіргі уақытта қаскүнем оны әрі қарай Нұр-Сұлтан қаласына жіберу және одан әрі сотқа дейінгі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.