Елордада өтетін съезге облыс атынан 32 делегат қатыспақ

445
көрілім

«Nur Otan» партиясы ШҚО филиалының төрағасы, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің қатысуымен облыстық филиалдың Саяси кеңесінің отырысы эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Zoom» платпормасы арқылы онлайн форматта өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
     Отырыстың күн тәртібінде 1 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында онлайн режимде өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ съездіне облыстан қатысатын делегаттардың тізімі қаралып бекітілді.
     Жалпы партияның съездіне Шығыс Қазақстан облысының атынан 32 делегат қатысатын болады.