26-27 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жәрмеңке демалыс күндері сағат 9.00-ден 18.00 аралығында ұйымдастырылады. Бекітілген схемаға сәйкес әр аудан мен қалаға сауда учаскелері бөлінген. Шығыс Қазақстан облысынан жәрмеңкеге 15 аудан мен 2 қала қатыспақ. Жәрмеңкеде өңдеу кәсіпорындары мен шаруа қожалықтары келушілерге 15-тен астам сапалы өнім түрін ұсынады.
– Жәрмеңке аясында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына 150 тонна картоп, 45 тонна бал, 40 тонна жылқы еті, 15 тонна сүт өнімдері, 10 тонна өсімдік майы, 8 тонна қымыз және ұлттық өнімдер, 5 тонна балық, 2,5 тонна шұжық өнімдері, 1,5 тонна жарма және басқа да өнімдер арзан бағада саудаланады. Жалпы Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 224,7 млн теңге сомасындағы 297 тонна азық-түлік жеткізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлады Семей қалалық Ақпарат орталығы.