Елордаға кіріп-шығуға тағы 3 тәулік берілді

398
көрілім

22 наурыздан бастап ешқандай көлік-теміржол, әуе тасымалы жүзеге аспайды. Азық-түлік тасымалдайтын көліктер "жасыл дәліз" арқылы кіріп-шығады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

– Тұрғындар үшін маңызды ақпарат: қалаға кіруге және қаладан шығуға әзірше уақыт бар. Алдағы 72 сағат әуе және теміржол қатынастары арқылы қаладан кетуге немесе келу үшін мүмкіндік беріліп отыр. 22 наурыздан бастап барлық санаттағы тұрғындардың қала аумағына кіруге және шығуға тыйым салынады. Транзиттер Нұр-Сұлтан қаласына тоқталмай жүргізіледі. Яғни, жолаушылар пойыздары қала арқылы өтеді, тек тоқтамайды. Азық-түлік тасымалдайтын көліктер "жасыл дәліз" арқылы өтеді, – деді қала әкімінің орынбасары.