Қазақстанның Елтаңбасын өзгерту мәселесі күн тәртібінен алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап.
«Мәселе күн тәртібінен алынып тасталды», - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Vlast.kz сайтының хабарламасында.
Қазақстанның Елтаңбасын ауыстыру жөнінде мәселе жақын арада қаралмайтын болды.
Мәлім болғандай, сәуір айының басында Қаржы министрі Мади Такиев су тасқынына байланысты елтаңбаны өзгерту туралы шешімді кейінге қалдыру керек деген пікір білдірді.
Қаржы министрлігінің хабарлауынша, Мәдениет министрлігі 2024 жылы жаңа елтаңбаны шығаруға қатысты қосымша шығындар туралы жарияламаған.
Еске салайық, 15 наурызда Президент Тоқаев ұлттық құрылтайда жаңа Елтаңбаның жобасын жасауға ашық байқау жарияланатынын мәлімдеген болатын.