Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ШҚО Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы 25-27 ақпан күндері Зайсан ауданына гастрольдік сапармен келді.
Филармония ұжымы әуелі Шілікті және Кеңсай ауылдық округтеріне ат басын бұрып, жергілікті халықты ән-күймен сусындатты. Әсіресе, аудан орталығынан шалғайда орналасқан Шілікті ауылдық округінің тұрғындары өнер иелерін зор қуанышпен қарсы алды.
26 ақпанда өнерпаздар Дайыр жән Қаратал ауылдық округтеріне барып, тұрғындарға тамаша көңіл-күй сыйлады. Аталған елді мекендегі ағайын концерттен көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
27 ақпанда өнер ұжымы Сарытерек ауылдық округі тұрғындары үшін өнер көрсетіп, халықты рухани байытып, көңілдерін серпілтті. Дәл осы күні өнерпаздар Зайсан қаласында орналасқан аудандық мәдениет үйінің сахнасын да әсем ән, күмбір күйге бөлеп, гастрольдік сапарларын қорытындылады.
Кеш соңында аудан әкімі Т.Ж. Қасымжанов Зайсан ауданының тұрғындары атынан халқымыздың рухани және мәдени кемелдеуіне қосқан үлестері үшін алғыс білдіре отырып, толағай шығармашылық табыстар, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр сарқылмас бақыт тілей отыра, филармония ұжымына алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.