Қара күздің суығы күшейген тұста қазақстандықтардың арасында «Биыл соғым қаншадан болып жатыр?» деген әңгіменің қызатын әдеті. Бұл мақалада осы сұраққа жауап ізделді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана
Жабағы – 180-230 мың теңге, тай – 350 мың теңге, құнан – 450-470 мың теңге, дөнен – 550 мың теңге, ту бие 570-650 мың теңге.
Тайыншалар – 250-300 мың теңге, семіз ту сиыр – 500 мың теңгеге дейін.
Қой – 35-60 мың теңге аралығында.
Ет бағасы:
Жылқы еті – 233-2400 теңге
Сиыр еті – 2000-2300 теңге
Қой еті – 2500-3000 теңге.
Алматы
Жылқы – 280-550 мың теңге
Сиыр - 260-350 мың теңге
Қой – 30-50 мың теңге
Ал ет бағасы:
Жылқы еті – 2400-2800 теңге
Сиыр еті – 2300-2400 теңге
Қой еті – 2200-2500 теңге
Шымкент
Жылқы - 320-570 мың теңге
Ірі қара - 200-400 мың теңге
Қой - 35-70 мың теңге.
Ал ет бағасы:
Жылқы еті – 2250-2550 теңге
Сиыр еті – 2200-2500 теңге
Қой еті – 2000-2300 теңге.
Абай облысы
Көктемде туған бұзаулар – 150-170 мың теңге. Бір жасар тайыншалар – 18-200 мың теңге, 1,5 жасар құнажындар – 250 мың теңге, 2 жастан жоғары сойысқа жарамды сиыр – 270-300 мың теңгеден басталады.
Жабағы – 230-250 мың теңге, тай – 300 мың, байталдар – 450 мың теңге, дөнен, бестілер – 500-600 мың теңгеден басталады.
Қой – 30-60 мың.
Ал ет бағасы:
Жылқы еті – 2100-2500 теңге
Сиыр еті - 1800-2100 теңге
Қой еті - 1900-2100 теңге.
Ақмола облысында бармақ қазы беретін тай бағасы 350 мың теңгеден бастап 450 мың теңгеге дейін барады. Ал арықтау тайды 1-2 ай қолда семіртіп барып союға мүмкіндігі барлар жайлаудан түскен қылқұйрықты 270-290 мыңға да таба алады. Құнан-байталдардың бағасы 550-620 мың теңге арасында. Кебеже қарын ту бие, белді, жаялы бестілер 600-800 мың теңгенің шамасында.
Тірідей бір жылдық тайыншаны 260 мың теңгеге, ал сиырды 330-450 мың теңгеге сатып алуға болады. Сиыр етінің бір келісі Көкшетау базарларында 2200-2900 теңгеден тұр. Сүйексіз таза еті 3600 теңгеден сатылып жатыр.
Қойды 35-65 мың теңгеге табуға болады. Негізі бағасы орташа 60-80 мың теңге шамасында. Күйсіздеу, кішірек тоқтыларды 50 мың теңгеге сатып жатқандар бар. Жемде тұрған ірі қойдың бағасы 100 мың теңгеге жетіп қалады.
Ақтөбе облысында соғымға ту биені 500-600 мың теңгеге алуға болады. Жалпы, жылқының орташа бағасы – 450-600 мың теңге арасында. Ал жабағы 180-220 мың теңгеден бағаланып отыр. Ірі қараның орташа бағасы 280-350 мың теңге шамасында.
Ет бағасы әртүрлі:
Жылқы етінің бір келісіне 2400-2500 теңге төлейсіз. Жабағы етін 2100-2200 теңгеден табуға болады.
Базарда семіз жылқы етінің келісі 2800-3500 теңгеге дейін барады. Сиыр етінің келісі – 2200-2300 теңге. Қой етінің бағасы да келісіне – 2200-2300 теңге.
Атырауда жылқы етінің бір келісі 2600, сиыр еті 2500, қой еті 2300 теңгеден басталады.
Жабағыға 220-280 мың, қашарға 250-320 мың теңге аралығында сұрайды.
Байтал бағасы – 400-470 мың теңге аралығында,
Үлкен биенің бағасы 500 мың теңгеден жоғары.
Қой бағасы – 60-90 мың теңге.
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласындағы «Сұлтан» базарында сиыр еті 2400, қой 2200, жылқы еті 2500 теңгеден басталады. Бұл – жергілікті мал етінің бағалары. Ресейден арзан еттің әкелінуіне байланысты басқа базарларда ет бағасы түсіп кеткен. Ет комбинаттарында 1700 теңгеден басталады.
Соғым:
Жабағы 200-240 мың теңге
Қашар 280-320 мың теңге
Жылқы (байтал) - 400-450 мың
Үлкен бие - 500-600 мың
Қой - 50-70 мың теңге.
Жамбыл облысы
Биылғы жазда судан тапшылық көріп, құрғақшылық салдарын сезінген өңірлердің бірі – Жамбыл облысы. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, қыстан қысылмай шығу үшін өңірге 513 мың тонна жем, 2,6 млн тонна шөп, 87 мың тонна сүрлем, 81 мың тонна сабан керек. Әкімдік өкілдері бұл қажеттілікті қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай өтіп жатқанына сендіріп отыр. Сондықтан ет бағасы күрт қымбаттамаған көрінеді.
«Қолдағы малды қыстан аман алып шығумен байланысты уайым жоқ. Жылқы етінің бір келісі – 2400-2600 теңге, сиыр еті – 2300-2500 теңге», - дейді басқарма басшысы Нұрби Жігітеков.
Базардағы баға әкімдік мәліметінен өзгеше.
Соғым етінің келісін 3000-3500 теңгеден алуға болады. Ал интернеттегі хабарландыруларда соғымдық жылқыны тірі салмақта келісін 2350 теңгеден ұсынып отырғандар бар. Ту биенің бағасы – 560-800 мың теңге аралығында.
Жетісу облысы
Сиыр еті – 2000- 2700 теңге
Жылқы еті – 2700-3000 теңге
Қой еті – 2000-2400 теңге.
Мал бағасы:
Тайынша-торпақ – 250-350 мың теңге
Жабағы, тай, құнан – 250-400 мың теңге
Қой – 60-80 мың теңге.
Қарағанды облысы
Жылқы еті – 2300-2800 теңге
Сиыр еті – 1900-2300 теңге
Қой еті - 1800-2000 теңге.
Мал бағасы:
Байтал – 450 мың теңгеден, семіз ту биенің бағасы 600 мың теңгеден басталады
Сиыр – 250-400 мың теңге
Қой – 40-70 мың теңге.
Қостанай облысы
Жылқы еті – 2300-2600 теңге
Сиыр еті – 2200-2300 теңге
Қой еті – 1900-2300 теңге.
Ал мал бағасы:
Жылқы - 600-850 мың теңге
Ірі қара - 250-400 мың теңге
Қой - 40-65 мың теңге.
Қызылорда облысы
Жылқы еті – 2300-2500 теңге
Сиыр еті – 2200-2400 теңге
Қой еті – 1900-2300 теңге.
Ал мал бағасы:
Жылқы - 370-550 мың теңге
Ірі қара - 240-350 мың теңге
Қой - 45-60 мың теңге.
Бұл өңірде түйе баршылық болғанымен, етін базардан табу қиын. Жеке адамдардың қолынан 2000-2200 теңгеге сатып алуға мүмкіндік бар.
Маңғыстау облысы
Жылқы еті – 2300-2500 теңге
Сиыр еті – 2300-2600 теңге
Қой еті – 2800-3500 теңге
Түйе еті – 2200-2400 теңге.
Ал мал бағасы:
Жылқы – 230-500 мың теңге
Түйе – 450-700 мың теңге
Сиыр - 400-450 мың теңге
Қой – 60-90 мың теңге
Ешкі - 25-50 мың теңге.
Павлодар облысы
Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, жәрмеңке мен базардағы бағаның айырмашылығы – 10-15%.
Облыс орталығындағы жәрмеңкеден сиыр етінің бір келісін 1700-2100 теңгеден, қой етін 1900-2100 теңгеден, жылқы етін 2300-2500 теңгеден сатып алуға болады.
Ал дүкендерде жылқы етінің бағасы келісіне – 2600-3200, сиыр еті – 2300-2500 теңге, қой еті – 2800 теңге болып тұр.
OLX-тегі мал бағасы жасы мен күйіне байланысты құбылады. 1,5 жасар тайдың бағасы – 350 теңге, байтал бағасы – 350-550 мың теңге, үш жасар биенің бағасы – 500 теңгеден асады.
Ал сиыр бағасы – 300-350 мың теңге аралығында. Қой бағасы – 45-55 мың теңге шамасында.
Солтүстік Қазақстан облысы
Жылқы етінің келісі – 2800 теңге
Сиыр еті – 2000-2400 теңге
Қой еті – 2000-2500 теңге аралығында.
Соғым бағасы:
Тай бағасы 350 мың теңгеден басталады. Жалпы жылқының орташа бағасы – 600 мың теңге.
Бір жылдық тайыншаны 200 мың теңгеге табуға болады. Сиыр малының орташа бағасы – 300 мың теңге.
Қой 40 мың теңгеден басталады. Орташа баға – 50 мың теңге.
Шығыс Қазақстан облысы
Жылқы еті – 2300-2500 теңге
Сиыр еті – 1800-2000 теңге
Қой еті – 1700-1800 теңге.
Ал мал бағасы:
Жылқы – 350-600 мың теңге
Ірі қара – 200-400 мың теңге
Қой – 40-60 мың теңге.
Түркістан облысы
Жылқы еті – 2000-2700 теңге
Сиыр еті – 800-2500 теңге
Қой еті – 2200-2500 теңге
Мал бағасы:
Жылқы – 500 мың теңге жобасында
Ірі қара – 200-400 мың теңге
Қой – 45-70 мың теңге
Ұлытау облысы
Жылқы еті – 2200-2400 теңге
Сиыр еті – 2000-2300 теңге
Қой еті – 2100-2300 теңге.
Мал бағасы:
Жылқы – 350-550 мың теңге аралығында
Сиыр – 250-450 мың теңге аралығында
Қой – 35-70 мың теңге