Нью-Джерси штатындағы Уильям Паттерсон университетінің ғалымдары көкөністің 47 түріне зерттеу жүргізіп, олардың ішіндегі ең пайдалысын анықтаған.
Салыстырмалы түрде жүргізілген сараптама нәтижесінде құрамында 17 түрлі дәрумені бар, микроэлементтер мен құнарлы заттарға бай көкөністүрлері белгілі болды. АҚШ ғалымдарының зерттеуінше, жапырақты көкөністердің ішіндегі еі пайдалысы - кресс-салаты. Одан кейінгілері – мангольд өсімдігі, қытай қырыққабаты, саумалдық, жабайы жуа, жапырақты сүтшөп. Шөптің осы түрлері дәрумендер мен минералдарға бай. Ал қызыл бұрыш, брокколи, асқабақ және брюссель қырыққабаты кәдімгі көкөністердің ішіндегі ең пайдалысы болып есептеледі.