Алматыда өткен «Сонар 2018» халықаралық бүркітшілер байқауында шығысқазақстандық құсбегі бірінші орын иеленді, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматыға Алтайдан бір топ болып барған облыстың бүркітшілері Азия чемпионатынан да жүлделі оралып отыр. Айта кетсек, «Сонар 2018» байқауына әлемнің оннан астам елінен 90 бүркіт қатысқан. Үржарлық Өмірбек Нұғымұлының «Мұзбалағы» сол тоқсанның ішінен топ жарды.
– Біздің облыстан төрт бүркіт қатысты. Азия біріншілігінде бас жүлдені қырғыздар әкетсе, халықаралық байқауда біздің мерейіміз үстем болды. Азия біріншілігінде біздің бір бүркітіміз төртінші және тоғызыншы орын алды, – дейді Шығыс-Алтай бүркітшілер федерациясының президенті Тәттімбек Кәпұлы.
Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ