Өскеменде еліміздегі ең ұзын веложол салынады. Ол 19-шы шағын ауданды қала орталығымен жалғастырмақ. Бұл жөнінде жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Даниал Ахметов айтты.
Бұдан бөлек, Сәтпаев даңғылы бойында Қазақстандағы ең ұзын жүгіру жолы жасалады.
- Естеріңізде болса Славский жағалауында вело және жүгіру жолдары жоқ кезде онда ешкім болмайтын еді, - деді Даниал Ахметов. - Қазір ол жерде сағат таңғы алтыдан бастап орын жоқ.
Сонымен қатар Сәтпаев даңғылы бойында стрит-воркаутпен айналысатын 14 спорт алаңын жасақтау жоспарлануда.
Ерлен ОСМАНОВ