Еңбегі адал елорда құрдасы

917
көрілім

1998 жылдың 10 маусымы еліміз үшін ерекше күн. Олай дейтініміз, бұл күні жаңа елорданың лентасы қиылып, іргетасы қаланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сол жылы туған ұрпақтың алды еңбекке араласып үлгірді. Әскерде борышын өтеп келіп, ОВ-16/1 түзеу мекемесіне жұмысқа орналасқан Берік Советов елордамыздың құрдасы.

Зайсан ауданына қарасты, Шілікті ауылында туып-өскен Берік өсе келе құқық қорғау саласында еңбек етуді қалаған. Сөйтіп, колледжді тәмамдай сала Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Кішкентайынан зерек, алғыр бала өсе келе де білімімен, сабырлығымен ерекшеленді.

Түзеу мекемесі тәртіп бұзғандарды тезге салатын орын болғандықтан, қызметкерлерге төзім қажет мұнда.

– Түзеу мекемесінде еңбек етіп жүргенімен бір жылға жуық уақыт болды. Қиындығы да, қызығы да бар. Қалай болғанда да адал еңбек етуге тырысамын, – дейді жас қызметкер Берік Советов.