Ұлы Жеңістің 77 жылдығы аясында Катонқарағай ауданы Еңбек ауылының азаматтары, осы ауылдан шыққан тумалары береке бірлікпен ауылдың кіре берісіне "Еңбек" жазуы стелласын орнатты. Демеушілікті ауылдың атпал азаматтары жасады. Сонымен қатар айта кетерлік ауылдағы дүкеннің бір бөлігін ауыл қоры ашып, күрделі жөндеуден өткізіп, тойхананың іргесін көтеріп салуды бастап кетті. Алтайдың баурайында "Бұқтырма" өзенің бойын жағалай орналасқан тарихи Таңба мекені топырағынан небір талантты жандар шықты. Алтайдың ақыны марқұм Төлеген Рақымжанов, Баламер Сахариев, Телеухан Бияров, ұстаз Бердібек Бияров, ақын-ұстаз Бақытжан Райсова, ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, озат шопан, озат жылқышылар, озат механизаторлар, айтыскер әрі биші марқұм Талғат Әзілханов, жас спортшылар, палуан, атбегі, ұлағатты ұстаздар шыққан ұйымшылдығы жарасқан ауыл. Ал бүгінгі өскелең ұрпақтары ұлтжандылық танытып өзінің туған ауылының көркеюіне өз үлестерін көрсетіп өнеге болуда. "Ауылына қарап, азаматын таны",- деген әр азаматы еліміздің атын шығарып, әр салада жемісті еңбек етуде. Еңбек деген атауға лайық ел азаматтары аман-есен болсын!
Құрметпен: "Еңбек" ауылының азаматтары атынан Дидар Оралбекұлы.