Еңбек кітапшамды қайта жасата аламын ба?

486
көрілім

Еңбек кітапшамды жоғалтып алған едім. Енді оны қалай қайтадан жасатсам болады?Бұрынғы жұмыс орындарымдағы еңбек өтілімді қалай анықтаймын?

Аягөз қаласынан тұрақты оқырман

Бұл сауалыңызға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың блогында былай деп жазылған:

– Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 62-бабы 2-тармағына сәйкес жұмыс беруші жұмыскердің (оның ішінде бұрынғы жұмыскердің) талап етуі бойынша, өтінішпен жүгінген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде мамандығы (біліктілігі, лауазымы), жұмыс істеген уақыты және жалақы мөлшері көрсетілген анықтаманы, жұмыскердің біліктілігі және оның жұмысқа көзқарасы туралы мәліметтерді қамтитын мінездеме-ұсынымды, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да құжаттарды беруге міндетті.
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған кезде жұмыскер бұрынғы жұмыс берушіге хабарласып, мәліметтерді толтырады.