Енді көлік жолапатына түскендерге бірден полиция шақырудың керегі жоқ

249
көрілім
Фото:qazaqstan.tv сайтынан

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын жол-көлік оқиғаларын "оңайлатылған ресімдеуді" енгізу аясында жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін "Еврохаттама"мобильдік қосымшасы енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Енді, егер жол көлік оқиғасына тек екі автокөлік қатысса және оларға 369 мың теңгеден аспайтын материалдық залал келтірілсе, ресімдеу үшін полиция шақырудың қажеті жоқ.
Мобильді қосымшаның көмегімен жүргізушілер зақымдалған бөлшектерді суретке түсіріп, актіні толтыру арқылы зиянды өтеу туралы өтінішті дереу сақтандыру компанияларына жібере алады.

 - Оның артықшылықтары бар. Біріншіден, азаматтарға ұсақ ЖКО ресімдеу үшін кептелісте полицияны күтудің қажеті жоқ, тиісінше жолдардағы кептеліс жағдайлары азаяды. Екіншіден, мұндай бұзушылықтар үшін жүргізушілер енді әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Бұған дейін жыл сайын материалдық шығынға ұшыраған ЖКО бойынша 120 мыңға жуық жүргізушіге айыппұл салынған немесе сот арқылы жүргізу құқықтарынан айырылған. Үшіншіден, сот рәсімдерін болдырмау есебінен, хаттама жасаудан бастап сот қаулысы күшіне енгенге дейін сақтандыру төлемдерінің мерзімдері қысқартылады. Егер бұрын мұның бәрі 60 күнге дейін созылуы мүмкін болса, қазір тіркелген сәттен бастап төлемдерді алғанға дейін шамамен 5 күн өтеді. Төртіншіден, ЖКО-ға қызмет көрсету бойынша полиция нарядтарының саны қысқарады. Сәйкесінше барлық күш- құралдар құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Күн сайын 350-ге жуық полиция жасағы босатылады деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Еуропалық хаттаманы" енгізу – бұл полиция мен халықтың өзара іс-қимылын бюрократизациялаудың тағы бір қадамы.