Ерасыл Қажыбаев Париждегі Гран-При бәсекесіне қатысады

203
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Ұлттық құрама жаттықтырушылары жуықта Франция жерінде өтетін додаға баратын спортшылар есімін атады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бас бапкер Нұрлан Сүлейменовтің сөзінше, ауқымды сайысқа он төрт дзюдошы жол тартады. Тізімде тарбағатайлық Ерасыл Қажыбаев та бар.
60 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов
66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Есет Қуанов
73 келіге дейін: Асқар Нарқұлов, Данияр Шамшаев
81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев
90 келіге дейін: Айдар Арапов, Ермахан Ануарбеков
100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Бекзат Шағатаев
+ 100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай
Аталған жарыс ақпан айының 2-4 аралығында Accor Arena-да өтеді.