Ерасыл Жақпеков қарсыласын нокдаунға жіберді

572
көрілім
Фотосурет спортшының жеке парақшасынан

Семейлік спортшыға Әлем чемпионатының қола жүлдегері қарсы тұрды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Болгариядағы «Странджа» халықаралық турнирінің қызған шағы. Өкінішке қарай, 60 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға беттеген жерлесіміз Әділет Құрметов германиялық Мұрат Йылдырымнға есе жіберді.

Есесіне 80 келідегі семейлік Ерасыл Жакпеков ресейлік Савели Садомадан 3:2 есебімен басым түсті. Кездесу барысында Ерасыл жойқын соққысымен қарсыласын нокдаунға түсірді.

Ал 92 келідегі Абзал Құттыбеков испаниялық Эмануэль Пла Рейесті ұтып, келесі айналымға өтті.

Айтпақшы, сайысқа Токио Олимпидасында жеңіп тұрып, соңғы секундтарда нокаутқа түсіп қалған Украина өкілі Александр Хижняк (75 келіге дейін) та қатысуда. Ол отандасымыз Диас Молжігітовті төрешілер шешімімен ұтты.