Облыс орталығындағы жағажайларды құтқарушылары суға түсу маусымы аяқталғанша қайықпен күзетпек.
Өткен демалыстарда облыс орталығындағы жағажайлардың бірінде ерекше көрініс орын алды. Суда шомылып жүргендердің жағадан алыстауы сол еді, қайыққа мінген төрт адам оған жақындап, жағдайын сұраған соң жағаға жеткізіп тастауды ұсынған.
Дегенмен "Земснаряд" қазаншұңқырындағы жағажай биыл ресми түрде суға түсетін орын деп белгіленбегені белгілі. Осы себепті суға түсушілер бұл аумақтан құтқарушыларды көреміз деп ойламағаны рас.
- Біз адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жылжымалы құтқару постарын құру жөніндегі тапсырма алдық, - дейді ШҚО ТЖД Шығыс аймақтық аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Анатолий Рожков. - Аталмыш постар күн сайын сағат 15.00-ден бастап кезекшілік ететін болады.
Азамат ТЕМІРБЕКОВ