Ереже бұзушыларға жаза неге қолданылмайды?

546
көрілім

Үйлену тойы кезінде серуендеуге шығатын көптеген автокөліктердің жол жүру ережелерін дөрекі түрде бұзатынын жиі байқаймын. Елді мекендердің ішінде бір-бірімен жарысып, дыбыс сигналдарымен жұртты шошытып, ішінде отыратын жастар көлік терезелерінен белуардан сыртқа шығып алады. Үйлену тойы автоколонналарының үнемі бір көшелермен ғана жүретінін көремін. Неге осы көшелердің бойында жол-патрульдік полициясының қызметкерлері кезекшілік жасап, ереже бұзған адамдарды жауапкершілікке тартпайды?

Мағира З., Өскемен қаласы

Облыстық Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, бұл бағытта жол ережесін бұзатын жүргізушілермен жұмыс тұрақты түрде, әсіресе аптаның жұмасынан жексенбі күніне дейінгі аралықта жүргізілетін көрінеді.

«Аталмыш жұмыстардың нәтижесінде қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілерді тасымалдағаны үшін – 84, жол сызығы талаптарын сақтамаған – 41, маневр ережелерінің талаптарын бұзған – 36, сигнал беру тәртібін сақтамаған – 24, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен – 11 жүргізуші жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады тәртіп сақшылары.