Еркін күрес бапкерлері Олимпиада ойындарына кімді апарады?

500
көрілім

Ресми күрес парақшасы дерегінше, Польшада өтетін халықаралық турнирде екі салмақтағы спортшылар іріктеуден өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Poland Open турнирі қай спортшының асығын алшысынан түсірмек? 74 пен 125 келіге дейінгі салмақта төртжылдықтың басты бәсекесіне кім жол тартады?

- Біздегі бар ақпаратқа сәйкес 8-13 аралығында өтетін рейтингілік турнирде алдағы Токио Олимпиадасына екі салмақ дәрежесінде ел намысын намысын қорғайтын палуанның есімін анықтау жоспарланған екен. Аталған сайыста спортшылардың қайсысы жоғары нәтиже көрсетсе, соның Токиоға бару мүмкіндігі жоғарылайды, - делінген мәліметте.

Естеріңізде болса, 74 келіге дейінгі салмақта Олимпиада жолдамасы жерлесіміз Данияр Қайсановқа тиесілі. Дегенмен бапкерлер солтүстікқазақстандық Нұрғожа Қайпановқа да мүмкіндік беруді жөн көрген сыңайлы. Одан бөлек, 125 келіге дейінгі салмақта әр жылдары чемпион атанған риддерлік Олег Болтин мен Юсуп Батырмурзаев та жат жерде жолдама үшін барын салатын болады.