Еркін күрес палуандары әзірлікке пәрменмен кірісті

511
көрілім

Ақмола облысының Щучинск қаласында еркін күрес шеберлері оқу-жаттығу жиынын бастады. Үй жағдайында әзірлік жүргізу бір бөлек, ауасы саф аумақта біртіндеп бабына енуді көздегендер салған жерден шын ықыластарын білдіруде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми күрес парақшалары қызу дайындыққа білек түре кіріскен палуандарды қай өңірден екендігін жіктеп жазған екен. Бір есептен ол да жөн болар. Ұлттық құрама мүшелерінің әр аймақтан қанша адамнан келгендігі, белгілі бір мөлшерде өңірлердегі қазіргі еркін күрес деңгейін де аңғаруға болады. Алдыңғы қатарлы спортшылардың барлығы бозкілемнен табылған. Соның ішінде Ақтөбе, Алматы және Қызылорда облыстарынан 6-7 палуаннан келген екен. Жалпақ жұртқа белгілі, Дәулет Ниязбеков, Юсуп Батырмурзаев, Адлан Асқаров және басқалары. Ал жерлестерімізден көпшілігіне етене таныс көкпектілік Данияр Қайсанов (74 келі), жармалық Расул Қалиев (61 келі), семейлік Азамат Дәулетбеков (86 келі) және ридерлік Олег Болтин (125 келі). Бірқатар спортшылар ұзақ уақыт жүктеменің аздығынан жаттығуға деген құлшыныстары артып, бапкерлік құрам бекіткен нұсқаулықтарды асыра орындауда.

Әділхан ЕСІМХАНОВ